Өтті, кетті, елес күнім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өтті, кетті, елес күнім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Өтті, кетті, елес күнім,
Өмірім ерлік емес бүгін.
Кеш түсіндім, ештеңенің,
Мәңгілік, шын еместігін...
* * *
Өңімді болжап,түсімнен білем,
Көзіме сәуле түсірген кім ең?
Көңілдің күйін ұстатпай жанға,
Ішімнен жылап, ішімнен күлем.
* * *
Жүгеніңе тірлік таласып жүрмін,
Қиялмен жарап, таң асып жүрмін.
Ертеңге барар жол таба алмай,
Ақ тұманда адасып жүрмін.
* * *
Естіледі құлағыма бір әуен,
Сол әуенге ғашықпын ау сірә, мен.
Қалғып кеткен қаламымды оятып,
Шақырғандай шабытымды жыр әлем,
Әлдеқайдан естіледі бір әуен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтті, кетті, елес күнім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өтті, кетті, елес күнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтті, кетті, елес күнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтті, кетті, елес күнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері