Қажет емес – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қажет емес» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1270
(аударма)

Кораблі қажет емес жырақтың –
теңіз жақты түн жапқан.
Ақ төсекке белгісіндей жұмақтың
шақырасың түу жақтан.
Сенің үнің естіледі бораннан,
жұлдыздар да тұр жауып.
Қайық кетті түн-тұманға оранған
дауыл құшып, мұз қауып.
Бұдан артық тағдыр бар ма -
өңінде
қар үстінде өртеніп,
нүкте қойған жердегі бар өмірге
ажалынан ерте өліп.
Сені ораған құпия түн - пердені,
түсіне алмай сырларын,
қарлы ұйқыны бұзбау үшін жердегі
тірлігімнен мүлде безіп тұрғаным.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажет емес өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қажет емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажет емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажет емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері