Пушкин мен дала – Ақмаржан Таубаева‎

Бұл бетте «Пушкин мен дала» атты Ақмаржан Таубаева‎ жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2687
Когда б не смутное влеченье
Чего-то жаждущей души,
Я здесь остался б - наслаждены
Вкушать в неведомой тишиье.
(А.С.Пушкин!)

Маңғаз Пушкин маң даланы аңсады,
Жайық бойы болып оның аңсары.
Мүмкін тістеп заманының иттері,
Жалықтырды ұзын-шұбақ дау - шары.
Орынбордан тартты тура Оралға,
Ақын жаны көрмей тыным табар ма?
Шығарып сап ұлы ақынды досы Даль,
Көп сыр айтты жырға тиек боларға.
«Жабайылау, ғажайыбы көп өлке»,
Жайығымен, балығымен тым көркем.
Құрақ ұшып қарсы алады ақынды
Келе жатқан Санкт-Петербургтен!
Ағыл-тегіл. Атаманның ауласы,
Ақсүйектің өзгеде жоқ шаруасы.
Ұлы ақын үш күн тұрды аялдап,
Елді ұнатты ойға қозғау салғасын.
Жазып алып «Қозы-Көрпеш Баянды»,
Бәлкім маздап ақын жаны оянды.
Бұйра шашты, қоңырқай жүз Пушкиннің
Архивінен табылыпты «Баян» жыр.
Дала, дала - маңғыз дала, сар дала,
Бауырыңнан сабыр тапқан бар дана.
Орыстардың ең сүйікті ақынын
Табындырған сұлулығың бар дара.
Дала қызы - мен осыны түйсінем,
Жусаным-ай, әрбір талы күй сіңген.
Дала менен табыстырған Пушкинді,
Табиғи бір жарастыққа сүйсінем,
Жарастыққа сүйсінем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пушкин мен дала өлеңінің авторы кім?

Ақмаржан Таубаева‎ — осы өлеңнің авторы.

Пушкин мен дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пушкин мен дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Пушкин мен дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар