Аңқатым – Ақмаржан Таубаева‎

Бұл бетте «Аңқатым» атты Ақмаржан Таубаева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4502
Ақ қанатты көгершін болып,
Жырларым саған қалықтай ұшар.
Ауылым менің, көңілім толып,
Қуанған кезде аялай құшар.

Қымбат-ау елің,
Өз туған жерің,
Қып-қызыл дауыл тұрса да борап.
Өз туған жерім - Аңқатым менің,
Сен жаққа жүрмін сағына қарап.

Сағындым шоқым, «Ақтау» деп атар,
Алыстан көлбеп көрінген кербез.
Өзіңе шығып аспандап қайтар,
Жадыра шақты тым ыстық әр кез.

Сағындым жасыл далаңды шексіз,
Гүл терген сонау көгілдір көктем.
Көгершін жырым, сәлемімді жеткіз,
Мен ауылымды көрмедім көптен.

Алыстау кетіп бір сәтке ғана,
Сонда да сенен іздермін пана.
Арнадым, елім, ауылым - анам,
Өмірге келген жырымды жаңа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері