Беу, бал дәурен!
Бұл бетте «Беу, бал дәурен!» атты Ақмаржан Таубаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынышымның бастауы болып тұрасың, ауыл, қашаннан.
Бала кездегі бақытты дәурен, сипайтын самал шашымнан.
Сол бір шақтардан
Айрылдым қашан?
Біле алмай қалдым, біле алмай,
Тілекшің болып жетермін бір күн сығалай бермей тасаңнан.
Атам мен әжем кезек арқалап,
Қонақтап бірге жүретін
Бал дәуренім-ай, балдырған үнді, шаттана қамсыз күлетін.
Қандықтың құмын сапыра кешіп, жүгіруші ек-ау жалықпай
Беу, бал дәуренім-ай, өттің де кетің... дәл кеше ғана гүл едім.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі