Шәкірт хаты – Ақмаржан Таубаева‎

Бұл бетте «Шәкірт хаты» атты Ақмаржан Таубаева‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3049
Мейрам күні жетті сәлем хаттарың,
Шәкірттерім - құйттай қолғанаттарым.
Осы хаттар қандай қымбат мен үшін,
Бойтұмардай қастер тұтып сақтармын.

Мына бір хат...
Сөз бастасы бөлектеу,
Өзгеше бір жылу құйып жүрекке.
«Сағыныштың сазын шертіп барады:
Сонау бір кез.
Апай, сізбен бір ек», - деп.

Ақ параққа ойын тізген Ерболат,
Сәби кезі жүр сөзінде жорғалап...
Моп-момақан, озат, сүйкімдім менің,
Өткен күнін естелікпен жалғамақ.

... Мейрам күні жетті сәлемхаттарың,
Шәкірттерім - құйттай қолғанаттарым!
Хатпен бірге жіберейін жүректің,
Өздеріңмен бірге өткізген шақтарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шәкірт хаты өлеңінің авторы кім?

Ақмаржан Таубаева‎ — осы өлеңнің авторы.

Шәкірт хаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шәкірт хаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақмаржан Таубаева‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шәкірт хаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері