Бұл бетте «Үмітіңді өмірден үзбе, күнім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үмітіңді өмірден үзбе, күнім,
Ұмытылған қырлардың ізде гүлін.
Көктем болып жүрсең сен, көздеріңе
Көрінбей ме құлпырып күзгі өңірің.
Кешім батса, таңдарым баяу атып,
Ақ сезімді тербетіп, аялатып.
Ертеменен шырылдап, шырт ұйқыдан
Құстар әні алады мені оятып.
Жайқалады көз тартып түзде гүлім,
Жеткендей бір көп жасап, жүзге өмірім.
Ертеменен мектепке дайындалған
Мені оятып алады қыз бен ұлым.
Өмір сыйлап таңдағы гүлге мынау,
Көзін ашқан дүние – бір керім-ау!
Мені оятып алуға ертеменен
Аспанымнан соғып тұр бір – қоңырау.
Ақ гүлдерім ақ таңға еркелеген,
Көкірегімді күйменен өртеп өлең.
Тіршілікті шуақпен емізуге
Күнмен бірге оянам ертеменен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі