Соғыстан соңғы сол жылдар

Бұл бетте «Соғыстан соңғы сол жылдар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 548
Соғыстан соңғы сол жылдар,
Балалық болып елестер.
Кеудемде сырнай жел жырлар,
Тербеліп таулы белестер.
Соғыстан соңғы сол жылдар,
Сақталған мәңгі ойымда.
Сәулесін үміт талайлар,
Жандырған жеңіс тойында.
Есімде сақтап келем мен,
Кеудемде титтей кек тұрып.
Жарық күн шықты төбемнен,
Көз жасын ана кептіріп.
Өскенбіз түлеп іштен біз,
Құрбылар оны сезеді.
Қымызға балап ішкенбіз,
Сапырып қара көжені.
Аналар зары құлақта,
Қарғаған жауды ашынып.
Көңілді басып бірақ та,
Көрмедік әнге ашығып.
Шомылып жасқа төгілген,
Тірлікке қайта тырмысып.
Қарлығаш болып көгімнен,
Үш бұрыш хаттар жүрді ұшып.
Соғыстан соңғы сол жылдар,
Біз титтей сәби емес пе ек.
Қилы-қилы тағдырлар, –
Тұрады көзге елестеп.
Соғыстан соңғы сол жылдар,
Жұбатты жесір, жетімді.
Аспаннан жауған жаңбырлар,
Солардың жасы секілді...
Соғыстан соңғы сол жылдар,
Солқылдақ өрім шыбықтай.
Мен емес, бүкіл ел жырлар,
Еске алып, мәңгі ұмытпай.
Соғыстан соңғы сол жылдар,
Табыспай кеткен тағдырлар.
Балалық болып түсімде,
Бұлдырап маған қол бұлғар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыстан соңғы сол жылдар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Соғыстан соңғы сол жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыстан соңғы сол жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соғыстан соңғы сол жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері