Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем,
Көңілімді күндіз-түн алаң еткен.
Сұғанақ қол, дауылдан, нажағайдан,
Аман ба екен, ағаштар анам еккен.
Нені білдім, ол кезде нені ескеріп,
Жатушы еді-ау, кеудесін белес керіп.
Жас талдың «құлынымдаған» жапырағы,
Тұратұғын анамдай елес беріп…
Сабақтары билеп бір келісті үнге,
Көк аспанға қол созып, алыс күнге.
Махаббаты анамның маған деген,
Орман болып тұрғандай жер үстінде!
Алақанын баршаға тосады аспан,
Тіршілікке алалық жасамастан.
Шақырғандай болады анам еккен,
Жас ағаштар, қол бұлғап «Қосағаштан».
Аңсаудан жүдерсіңдер, күз өтер көп,
Майыссаң бауырларым түзетер кеп.
Келген әрбір көктеммен көктесеңдер,
Мен анамның сеземін ізі екен деп…
Айналғанда жарқ еткен отқа шабыт,
Бәйге алғанда, армандай атқа шауып.
Анам еккен, иіскейін сол ағаштың
Жапырағын, дос, жіберші хатқа салып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері