Төніп тұрар бір ерлікке бір қауіп –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Төніп тұрар бір ерлікке бір қауіп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төніп тұрар бір ерлікке бір қауіп,
Озған кезде алға қарай бұрқанып.
Сондай кезде –
Дос еткім кеп тұрады,
Жауыммен де тіл тауып.
Өзгерместен өтпес өмір, бір қалып,
Менсіз талай кеткен ән бар шырқалып.
Сондай кезде беттескім кеп тұрады,
Дауылмен де тіл тауып.
Іштей төзіп тек осыған бекінем,
Көзбен шолып қырағы.
Дүниедегі азапты жер бетінен,
Жоғалтқым кеп тұрады.
Аяқ бассаң бір ерлікке бір қауіп,
Күннің көзін кетпесе екен бұлт алып.
Адамзаттың бүлік ойын өршітпей,
Өшірсем мен тіл тауып!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі