Құлайды – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құлайды» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2140
Кей адамның бағы жылдам өрлеген,
Бетіне оның ешкім жел боп келмеген.
Қайда барсын, сый-құрметке бөленіп,
Әрқашан да дайын тұрар төр деген.
Ондай жандар тобыр көріп халықты,
Тез малданар, оңай келген даңқты.
Келе-келе көл қорыған қызғыштай,
Қызғанады ауа, суды, жарықты.
Баршамызды жүргендейін кісі қып,
Өз-өзінен шыға келер ісініп.
Ал біз болсақ, бұған маңыз бермейміз,
Жүрсектағы барлық жайды түсініп.
Қатар ұстап тұргандай боп Күн, Айды,
Өзіне тең есептер тек құдайды.
Мың асқанға, бір тосқанның бары рас,
Мұндай пенде түбінде бір «құлайды»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлайды өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Құлайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері