Барамын өмір – теңіз көшінде ағып
Бұл бетте «Барамын өмір – теңіз көшінде ағып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.
Барамын өмір – теңіз көшінде ағып,
Бір арман, бір көкжиек есімді алып.
Алдыма жарық төгіп үміттерім,
Береді таңға сәлем кешім барып.
Өткен кей бейберекет күндерменен,
Ұзаса жастық қиял үлгермеген.
Жолдаймын, сыр-назымды сүйгеніме,
Тербелген жердегі бар гүлдерменен.
Бермеймін, бере алмаймын тағдырға ерік,
Кеудемді тұрған кезде ән-жыр көміп.
Көктемей қара жерде қайтіп жатам,
Үстімді жуып жатса жаңбыр келіп...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі