Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.
Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір,
Көп екен ғой сезгеннен сезбегерім.
Біртін-біртін жүректен отыңды ұрлап,
Істейді екен уақыт өз дегенін.
Берілмеспін, әйтсе де нала-мұңға,
Сенің бейнең тұрғанда жанарымда.
Сары жапырақ – жылаған сағынышым,
Әлдекімнің жатпағай табанында...
Сары жапырақ – сыңсыған сағынышым,
Тартып талай соққанда дауыл ішін.
Тазартуға жол үстін, оны біреу
Үйіп жатыр бықсытып жағу үшін.
Оңып бара жатқанда баяу аспан,
Жалаңаштап күз қолы аямастан.
Тырс-тырс етіп, кінәсіз көз жасындай,
Жапырағым, құларсың қай ағаштан?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі