Не деймін
Бұл бетте «Не деймін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не деймін...
қалай саған жеткіземін,
Бір кезде асау, ерке өрт қыз едім.
Есейдім, енді бүгін сол уақыттың –
Елесін көз алдымнан өткіземін...
Қонғандай шаршап-талып ұяға күн,
Қызарып өз-өзімнен ұяламын.
Жеткенше саған қанша адастым мен,
Тежемей сезім әнін, қиял әнін.
Ұмыттым ғашықтың бар салтын бүгін,
Жас жүрек алақанға талпынды бір.
Гүлқұмар көбелектей, маған сонда
Ой салған биікке тән салқындығың.
Сені ойлап отым жоқта от аламын,
Сілкісін, мейлі, мені қатал ағын.
Алдыңда жыламадым, ауырсынып,
Тағдырдың жесем де көп шапалағын...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі