Қоштаспадым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қоштаспадым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Қоштаспадым,
Сен-дағы қош демедің,
Қызығы қалмағандай ештеңенің.
Десем де, сенім толы үмітпенен
Қараған көздеріңнен сескенемін.
Көріндің де өзгеден даралау сен,
Торғайың боп саяңда паналаушы ем.
Қыз болып бір алдыңда бой жетпедім,
Еркелетіп сен мені «бала» деуші ең.
Кімді ойладың шығарда соңғы демің,
Сөнді деуге, сенбеймін, жан-жүрегің.
Сенен басқа, япыр-ау, кім айтады,
«Қанипаш» деп атымды енді менің?!
Жүрсем-дағы сезімге өртеніп мен,
Қонбай құсым қолыма ерте күткен.
Жолыққанда тіл қатпай, ділгір етіп,
Өкпешіл боп кетіп ем еркелікпен...
Кешір, саған келем деп сан алдадым,
Өміріме өрт жыр боп, алауладың.
Анам – өзің... сонан соң дос болуға
Мен ешкімге, әйтеуір сене алмадым.
Ұшып кеткен мен сені құс демеймін,
(Тас тағдырға қарсылық істемеймін.)
Қадіріңді кеш ұғып, шарасыздан
Ерінімді тек үнсіз тістелеймін.
Арман болған ауырлап өлең жүгін,
Жамылып жарығыңды келем, күнім.
Достықтан туған ұлы махаббаттың –
Мәңгілік екеніне сенем бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштаспадым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қоштаспадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштаспадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштаспадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері