Соғады жүрек! – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Соғады жүрек!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Соғады жүрек!
Сенде де, жаным, менде де
Дүрсілдеп мынау кеудеде.
Күнімді бір сәт қарата көрме деймін мен,
Жүрексіз кейбір пендеге!
Табысқан тілек,
Табысқан көңіл шалғайдан,
Кеудедегі әр жүрек болып әр майдан.
Отты жүрек өкіндіріп күздегі
Жапырақтай ақпаса екен, сарғайған...
Зыр айналған күнмен осынау күн ұршық,
Бүккендей сыр, бір бүйірі тымырсық.
Өлім сепкен тас жүректерді қарғайды,
Вьетнамның топырағы ыңырсып!..
Ей, ұлы Жер! Тыныш бір кез алшы дем,
Кірпіктерден соңғы тамған тамшымен.
Зұлымдықты әділдікпен айыптап,
Соғады жүрек СССР даусыммен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері