Отан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Отан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған отан туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1197
Туған Отан, сарқылмайтын сен жырым,
Шабыт берді, шалқар, шетсіз кеңдігің.
Кеудемдегі саған деген жалынды,
Жеткізе алмай жүргендеймін мен бүгін.
Туған Отан, асқар биік тауым сен,
Арай шашып атқан алау таңым сен.
Құшағыңда қуаныштан мың толқып,
Шырқайтұғын мәңгі бақи әнім сен!
Аспанымда күліп тұрсың күнім боп,
Саған деген жүрегімде жырым көп.
Болашаққа барады әне жарысып,
Перзенттерің уақытпен дүбірлеп.
Туған Отан – өмірімнің өлеңі,
Айтып болмас шабытқа шын бөледі.
Бақытымды көрдің бе деп, әлемге
Бар даусыммен айғай салғым келеді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері