Таралған бұғы мүйіз тау шынарым
Бұл бетте «Таралған бұғы мүйіз тау шынарым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.
Таралған бұғы мүйіз тау шынарым,
Тұр ма екен жапырағы тауысып әнін.
Көңілсіз кездерінде көгіңнен мен,
Өлеңмен таңғы шықтай тамшылармын.
Күлкіңнен тағдыр ерте айырды ма,
Әжімі-ау уақыт салған шайыр мына.
Құз-қия қатері мол биіктіктен,
Сындырып сабағыңды, жай ұрды ма...
Өмірдің қысы, күзі, көктемінде,
Япыр-ай, ауыр азап шекпедің бе.
Жасырмай айтшы, шынар, жыладың ба,
Кейде бір жалғызсырап кеткеніңде?
Оралып олжа тапқан бір алыстан,
Кернеген көкірегін қуаныштан.
Сапарын саған айтып шаңқ етіп бір,
Төбеңнен шыр айналып қыран ұшқан.
Аспаннан тауда тұрып бұлт сұрарсың,
Біздерге қайратыңды ұқтырарсың.
Сайысып нажағаймен жалғыз өзің,
Иілмей, құласаң сен, тік құларсың...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі