Еркелеп келші маған, еркін өлең –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Еркелеп келші маған, еркін өлең» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Еркелеп келші маған, еркін өлең,
Шабыттың жандыра алсаң өртіменен.
Көңілдің көк жиегін түріп тастап,
Аспандай жауып-жауып серпілер ем.
Семсердей екі жүзді асылданып,
Жарқылдап, көзді қарып, жасылданып.
Енсеңші, түсіме бір жүргенімде –
Не болса соған жиі ашуланып.
Сеземін уақыттың көп тұрмасын,
Жастықтың шарқ ұрсам да, таптырмасын.
Жаза алмай жүрген мен бе, өлең, сені,
Қойшы, – деп жазбай жүрген жоқпын ба шын!
Еркелеп келші, кәне, ырғақтарым,
Жайнатып жасыл көктің гүл бақтарын.
Жатырқап өзімді-өзім жүрмін бе әлде,
Қойғандай сезгенімнің жырлап бәрін?
Қуалап, дауыл болсаң, жетейін мен,
Кетпедің күндіз-түні көкейімнен.
Бір жырға әрең тапқан нүкте қойсам,
Армансызбын,
Қалғып-ақ кетейін мен!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі