Бұл бетте «Жеңіс жайлы толғау» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соғыс жайлы жазар шын,
Соғысқа сол барғандар.
Атқан таңнан сөз алсын,
Оралмаған армандар.
Жер бетінен қызарып,
Гүлін жаңа жарғандар,
Үсті жанып, түбінен
Қуалап шыққан армандар!
Жеңіс жайлы жырласын,
Бақытты бар құрдасым.
Оның даусын дөңгелек,
Бүкіл дүние тыңдасын!
Тебіренсін жүректер,
Теңіздейін туласын.
Жеңіс жайлы жырлаған –
Талай батыр іздері.
Өтсе де уақыт зырлаған,
Күңгірттенбес жүздері.
Алаулаған сөздері,
Жеңіс күнгі жалаудай.
Кеткеннен сол келмеді,
Жарын қайта көре алмай.
Жеңіс жайлы жырлайды,
Кеткен ерлер арманда
Туған жерге оралмай.
Соғыс жайлы сөз алсын,
Сол соғысқа барғандар.
Кеуделерге жазар шын,
Кекті жырын армандар.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі