Бақытты жырлап мен ылғи – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бақытты жырлап мен ылғи» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Бақытты жырлап мен ылғи,
Елтіген талай шағым бар.
Құбылып ауа, көңіл күй,
Құбылып қашқан сағымдар.
Теңізді жырлап дүрліккен,
Шағала болып ұшқамын.
Ашқарақ мынау тірліктен,
Ашынып өткен дұшпаным.
Көрмеймін түкті тағдырдан,
Жолымды қалсам таба алмай.
Сезімнен жауған жаңбырдан,
Бусанып жатам даламдай…
Табысқан шақта жыр – көктем,
Гүлдерге бөлеп жотаны,
Құшағыма бір көктен,
Жұлдыздар құлап жатады…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері