Бұл бетте «Сұңқарым!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұңқарым!
Танимын ғой шаңқылыңнан,
Таймайсың кеңістікке шарқ ұрудан.
Таймапсың, ту бұлттарды тіліп өтіп,
Басқаша бір қияға талпынудан.
Өзгеден бөлек сенің өз дауысың,
Туғансың тұнық сезім қозғау үшін.
Үніңді таңғажайып естігенде,
Елітіп жанатындай маздар ішім.
Өз демің өз кеудеңе көрік басып,
Кеттің бе өзгеріп шын, толып-тасып?
Өзгеден өзім көрген алабөтен,
Өртендім, ерлігіңе болып ғашық.
Атқылап ойнақ салған жыры қанда,
Қанатты қағысынан сыр ұғам ба?
Тынайын армансыз боп, текке жанбай,
Болмаса тастап жібер, бүріп ал да…
Сұңқарым, танимын ғой дауысыңнан,
Бұлт кескен қанатыңды қағысыңнан.
Дәл сендей табиғаттың тағысына,
Қарауға жердегінің сағы сынған.
Дауысың дауыстардың ең асқағы,
Өмірің жұмбақ маған таластағы.
Сұңқардың моласы жоқ, мекені оның –
Құзар – шың, биік асқар, көк – аспаны!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі