Жібек жел ем, айналдырдың дауылға –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Жібек жел ем, айналдырдың дауылға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жібек жел ем, айналдырдың дауылға,
Ұшқын едім, шарпыдың сен жалынға.
Енді қайттім, маза берер еес түк,
Бір от бұлақ ағып жатқан жанымда.
Шыдап бақтым өз-өзіме қой деумен,
Қан тамырды өзің жайлы ой жеңген.
Жұрттың бәрі досым болып кеткендей,
Жағым тіпті талар емес сөйлеуден.
Өз көңіліме сияқтымын бойжеткен,
Қиял-сағым жанын удай тербеткен.
Табанымды бір жел жерге тигізбей,
Ұшып бара жатқандаймын мен көкпен.
Өңім сонда көрінеді түсімдей,
Көңіл саған өтері хақ кішірмей.
Көзім жұмып сол қалпымда құласам,
Қағып ал сен, жерге мені түсірмей.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі