Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 852
Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем,
Жас өндір жігіттердің көңіл гүлі ең.
Сезімің селк ететін сәл нәрседен,
Аққудың айдындағы көгілдірі ең.
Ақ айдын дір ететін қанатыңнан,
Сұлудан сүйкімді едің дара туған.
Кім білсін кеттің бе екен толып бүгін,
Аспанның нәзік айы ең жаңа туған.
Сол күйі елестейсің досқа әлі сен,
Сыңсыған жағаның көк жас қамысы ең.
Бүлдіріп көп қарасам алатындай,
Мен саған көп қарауға жасқанушы ем.
Әлде бір атқан таңнан бақ сұрадың,
Тасытып арманының ақ бұлағын.
Айттың ба аққуларға қосылып сен,
Бірге айтқан бір кездегі гәкку әнін.
Қатайтты сені бүгін өмір, білем,
Алқызыл таңда ашылған көңіл гүлі ең.
Селк етіп сәл нәрседен жасқанатын,
Аққудың айдындағы көгілдірі ең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері