Бұл бетте «Сұлу емеспін деп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұлу емеспін деп,
Бекерге шын тәңірге өкпелеппін.
Сұлулармен жүріппін теңескім кеп,
Алалығын сезсем де бетпе-беттің.
Бала шақта,
Жүрегім лапылдап тұрған жанып.
Мініп талай таласып ағаш атқа,
Көбелектей гүл қудық қырдан барып.
Жыр құмармыз,
Жанымыздан бір шумақ тумаса да.
Иемдендік сұлуды сыртынан біз,
Бізді ол сұлу ұнатып тұрмаса да.
Ой кеткенге
Қол жетіп көре алам ба.
Сүю жайлы бүгінгі бой жеткенге,
Мен ақыл бере алам ба?!
Есті сырдың –
От алдым мекенінен,
Сұлу, сұлу деп жүріп кеш түсіндім,
Жастықтың өзі сұлу екенін мен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі