Күндерменен ақ сағым сырғанармын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күндерменен ақ сағым сырғанармын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Күндерменен ақ сағым сырғанармын,
Сырғанармын, сол күнмен бір жанармын.
Елеңдетіп жанымды түнгі көктен,
Даусы келер құлаққа тырналардың.
Құстар әні келеді түнгі көктен,
Күткен едім осынау үнді көптен.
Бұл дауысты жанымнан сезбегелі
Қанша уақыт дариғай, жылжып өткен.
Осы емес пе көңілдің от тілегі,
Үміт, арман үн болып көк тіледі.
Түнгі көктен естілген талып қана
Құстар әні оятып кетті мені...
Бей уақытта ұшқан-ау күндіз қалып,
Ұшпай біз де осылай жүрміз нағып.
Тізіп моншақ қатары бара ма екен,
Түнгі көкке қанаты жұлдыз қағып...
Сағынып ем осынау үнді көптен,
Бір жүрекке жол тартқан бір жүректен.
Тырналардың дауысы талып маған
Естілгендей болады түнгі көктен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндерменен ақ сағым сырғанармын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Күндерменен ақ сағым сырғанармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндерменен ақ сағым сырғанармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндерменен ақ сағым сырғанармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері