Тамшылар
Бұл бетте «Тамшылар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақталып қашанғы арман, қашанғы үміт,
Көзіне сұлу қыздың жас алдырып.
Жығылмай көкке шаншып секіргенде,
Асауды үйретер тек асау жігіт.
* * *
Қорқақтарға өмір сүру қатер ғой,
Алға қарап аяқты ал да, көтер бой.
Арғымақтай зуылдаған уақыт,
Тоқта десең, тоқтамайды екен ғой...
* * *
Дүниеден өтті қырғын, сан бүлік,
Қиды өмірді қаншама оқтар қаңғырып.
Көкірегі аспан, көз жасынан ананың
Жаңбыр жауып тұратындай мәңгілік...
* * *
Бақытты ала алмаспын тиын беріп,
Достарсыз бара жатса күйім кеміп.
Жаным менің жапандай құлан жортқан,
Қойнауында ойнап жүр құйын келіп...
* * *
Көкірегіме тұнып қалып көз жасым,
Тым-тырыспын, ыңылдап бір ән салмай.
Жатыр біреу оңай тапқан олжасын
Күндіз-түні тауыса алмай..
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі