Әпкеге тілек (сіңлі тілегі)
Бұл бетте «Әпкеге тілек (сіңлі тілегі)» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты,
Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты.
Біздің үйден басталған бір соқпақ жол
Сені бізден бақытқа ала қашты.
Ала қашты, қайтейік, шаттығыңа,
Ұзатып салды өзіңді бақ қырына.
Қарамайды екен-ау қыз бақыты
Босағаның бөгделік, жаттығына.
Бұйыртқан содан қыздың несібесін,
Елемесең, өмірден кешігесің.
Ілестің сен де, әпке, бүгін, міне,
Сол бақыттың мәңгілік көшіне шын.
Ілес, әпке, соңыңа қарамағын,
Сонда ырғақты, бақытты болады әнің.
Түтіні түзу ұшқан өз үйіңде
Желбіреп жүреді енді орамалың.
Қалдырып қимас сәтін қыз күніңнің,
Толқытып, артқа тастап бізді бүгін.
Барасың, әпке, асығып бақытыңа,
Жар болу дегендей-ақ ізгі ұғым.
Барасың іштегі бір қозғап үнді,
Тойыңда тілекшіден сөз де ағылды.
Сағынып жүресің-ау енді, әпке,
Куәсі қыз күніңнің - өз бағыңды.
Белгілі босағаңды бағаларың,
Жарыңмен тату болсын араларың.
Сол бағың - сүйген жардың шаңырағы,
Таққан соң келіндіктің орамалын.
Жұбайлық жолдың солай ізгі өрнегі,
Ойлаттың бақыт жайлы бізге әрнені.
Сол баққа соқпақ салар әрбір қыздың
Тұтамдай екен, әпке, қыз-дәурені.
Білемін, әпке, өзің де бағаландың,
Бақ жолын жүрегіңмен қалап алдың.
Аттайсың енді өзге босағаны,
Сезесің қасиетін орамалдың.
Бағыңа өмір дейтін қосады ағын,
Мінсіз боп тұрсын әрбір жасағаның.
Сенемін, әпке, саған, өзің аттар
Ұғасың қасиетін босағаның.
Тілекші саған, әпке, бәрі бүгін,
Қарсы алар бақытпенен таңы гүлін.
Шақырды сол таңыңа қыз соқпағың,
Ендігі түсінер деп жар ұғымын.
Сің, әпке, сол жұртыңа бағалан да,
Өмірдің жаман жағын қалап алма.
Сыйлай біл келіндіктің қасиетін,
Қастерлеп түйген бақыт-орамалға.
Десе де жылды - сынақ, уақытты - сын,
Шын сезім өз бақытын татыпты шын.
Өмірде қол ұстасқан сүйген жармен
Әпке, сен, шынында да, бақыттысың!
Қарамай пенде-ғұмыр күйбеңіне,
Барасың өзің қалап сүйгеніңе.
Бақ қонсын, бақыт қонсын әрдайым да
Сендердің шаттық толы үйлеріңе.
Бойжеттің, ақыл - серік, адаспадың,
Ұнайды сүйгеніңмен жарасқаның.
Сіңлің тілейді енді өздеріңе
Осынау соқпақ-жолдың бақ ашқанын.
Сендер жақ болсын бақыт, бақ алаңы,
Жұлдызың жоғарылап барады әлі.
Құт болсын өмір бойы, әпке, саған
Сен таққан бақытыңның орамалы!
Әдемі!
тате иуралы олен
кешириниздыер бирак маган тек апке турал керек
Гылым макал мател
өтініш әпке туралы ән тауып беріңіздерші,
Саламатсыз ба? Өтініш апа--езде туралы көпте емес аз да емес өлең шығарып беріңізші. Апа жездемнң аттары аталатын руы аталатын өлең
әпкеме тақпақ
ооооййййййййй мынау ұзатылып бара жатқан әпкеге ғооой
ал маған мектеп оқитын әпкеме керек едііііі
шығарып бере аласыздар ма?
жақсы жазылған
Жаксы жазылган бірақ маған тек әпке туралы керек ет шыгарып бере аласыздарма
Алты әпке,және екі ағама арналған 5,6 шумақ өлең керек еди
апкемнин тойына олен керек еди 8-жастағы иниме
Жаксы екен
Өтініш маған әпке туралы 3 шумақ өлең жіберіңдерші
керемет
әпке туралы 10шумақ өлең шығарып беріңізші
маган тате ага туралы олең шығарып берыңыздерші
керемет маған ұнады.
Маган ата-анама алғыс билдиретиндей олен шумагы керек еди... 16#20 жол
Керемет
Маған əпкемнің мерейтойына арналған өлең керек
Өте керемет ақынға бір гелик осындай ақындарымыз жасай берсін ❤️❤️
Маған әпкеме арналған тілектер керек еди
Оте кушти
Әпкеге арнаған өлең өте керемет!!!
Маған өте қатты ұнады)
Маған қатты ұнады əпкнге аоналған өлен шумақтары менің үйімде алты қыз бар үш əпкем екі сінілім
Маған əпке туралы өлен шумақтары қатты ұнады
Сіңілім ұзатуға арналған өлең шумақтары болса әдеміі
Сіңілімме тілек узатуға арналған
Өте күшті өлең екен!!
Өте керемет!
Саламатсыз ба? Өтініш апа--езде туралы көпте емес аз да емес өлең шығарып беріңізші. Апа жездемнң аттары аталатын руы аталатын өлең
Керемет сөз жоқ
Өте күшті өлең екен!!
Өте әсерлі өлең екен! «Құт болсын өмір бойы, әпке, саған Сен таққан бақытыңның орамалы!» деген соңғы жолдардан көзге жас келді ғой. Сіңлінің әпкесіне деген шынайы тілегі, мұң мен шаттықтың араласуы – бәрі жүрекке жетеді. Орамалдың қасиеті, босағаның мәні осылай терең жазылғанда қазақтың салт-дәстүрінің қадірін сезесің. Мұндай жылы өлеңдерді оқып отырып, өз әпкемді есіме алып, қуанып қалдым.