Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...
Өзімді-өзім қайтемін алдандырып,
Жимиғанға жылтырап, жалған күліп.
Ол менің табиғатым, суып-сүйсем,
Жаныма табындырып, таңдандырып...
Жүрегімді жүдетсе азалы үндер,
Бауырымды өзіңе жазамын жер.
Ортақ етпей біреудің ұжмағына,
Тірлігімнің, тағдырым, тозағын бер.
Құлазыған көңілдің тұнжыр айын,
Қозғап алға мен неге жылжымайын.
Ұнамасам өзгеге ұнамайын,
Тек әйтеуір шын күліп, шын жылайын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі