Жастық жайлы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жастық жайлы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 713
Жастықтың бар қызуын құйып қанға,
Уақыттардың жүгін сап иықтарға.
Тулаған өр толқындай екпініңмен
Бүгіндер сен шықпаған биік бар ма.
Жастық болып күлімдеп көгіңде күн,
Жайқалады осынау жерімде гүл.
Өз қолыңмен жасарып өмір бүгін,
Қиындықтан бір адым шегінбедің.
Уақытқа сен қашан көз ілдірдің,
Шын ерліктің не екенін сезіндірдің.
Ой мен қырға жігердің түренін сап,
Алғы сапта әрқашан өзің жүрдің.
Не кездессін алдыңнан, тартынбадың,
Төзе білді бәріне жарқын жаның.
Еңсең биік, есейіп еңбекпенен,
Суарылған қылыштай жарқылдадың.
Жолың ашық, арманмен сенімді алдың,
Қимылыңнан өзіңді таниды әр кім.
Жалғастырып барасың ұрпақтарға,
Ерлігін Тоқтаров пен Ғанилардың.
Жүрсіңдер ер халықтың ұлы атанып,
Көрген емес қолдарың сірә талып.
Жаңғырығып, жаңарып, тұрғандай-ау,
Мынау дүние өзіңнен қуат алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастық жайлы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жастық жайлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастық жайлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастық жайлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері