Барады қайран Уақыт жылдам ұшып
- 0
- 0
Барады қайран Уақыт жылдам ұшып,
Уыстап көк теңізді тұрған ішіп.
Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай,
Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып.
Бұл бетте «Мектеп жайлы соңғы рет сөз айтайын» атты AruzatBaitemir жазған білім туралы өлең берілген.
Барады қайран Уақыт жылдам ұшып,
Уыстап көк теңізді тұрған ішіп.
Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай,
Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып.
Күн болып кіргім келді қара бұлтқа,
Жиек боп тұрғым келді аралықта.
Айналып сыңар түйір тамшыға мен,
Тіреліп қалғым келді қарамықта.
Қара түн, қара көздің нұры сынды,
Ұнатам жорға мінез жүрісіңді.
Бір белгі соғу үшін кеткен жылға,
Құя бер, қалыпқа сал құрышыңды.
Иірім тапты иректері арнаның,
Арналарға ағыс табу – арманым.
Тұмандарда тау ішінде адаспа,
Топтан озған, темір тұяқ тарланым!
Жылдар жұлдыздай ағады,
Күндер қоңырау қағады.
Бақбақ ұшады бақтарда,
Көзден ыстық жас тамады.
Модератор
Ілмекті тырнақшасыз қою керек.