Барады қайран Уақыт жылдам ұшып
Бұл бетте «Барады қайран Уақыт жылдам ұшып» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Барады қайран Уақыт жылдам ұшып,
Уыстап көк теңізді тұрған ішіп.
Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай,
Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып.
Жеткізбес сен қайдасың, жүрдек әлем,
Қиындық тұр қадымды күрмеп әрең.
Жамағат жалау қылды жалғандықты,
Шындықты аңсап жүрген бір ғана мен.
Жалынға жалын керек маздау үшін,
Өзіме жетпей қойды өз дауысым.
Жалғандық шындықпын деп шыңғырғанда,
Шыдамның сынып кете жаздауы шын.
Шындық, рас, қараңғыда жүрдім дері,
Жарқ етіп шығар ол да бір күндері.
Жабайы жабыларға шаң қаптырар
Дүбірлі дүниенің дүлдүлдері.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі