Қара түн, қара көздің нұры сынды –
Шәмшия Жұбатова
Бұл бетте «Қара түн, қара көздің нұры сынды» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара түн, қара көздің нұры сынды,
Ұнатам жорға мінез жүрісіңді.
Бір белгі соғу үшін кеткен жылға,
Құя бер, қалыпқа сал құрышыңды.
Бір белгі қалу керек кеткен жылдан,
Ол кездің жаңбыр жасы кепкен жылдам.
Мұнарлы мұнаралар мұңын айтты,
Сылдырап сырын шертті жеткен жылғам.
Аққанда қою бұрым қап-қара түн
Ертеңге ертегісін ап баратын.
Ешкімге, ешқашан да жолданбайтын
Сағыныш деп атағам хаттар атын.
Жазылған жүрекпенен ақ парақты,
Өзіңе қара түнде хаттар ақты.
Қара түн бұрымдарын тарасын деп
Жолдағам аппақ айға ақ тарақты.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі