Күн болып кіргім келді қара бұлтқа
Бұл бетте «Күн болып кіргім келді қара бұлтқа» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн болып кіргім келді қара бұлтқа,
Жиек боп тұрғым келді аралықта.
Айналып сыңар түйір тамшыға мен,
Тіреліп қалғым келді қарамықта.
Көңілім көкжиекте қалды өрлеген,
Шарқ ұрды қайран жүрек ән кернеген.
Тыпыршып өз сағатын күтіп жүрген
Дүбірлі тұлпар көрдім бар кермеден.
Тамсантып, тамылжытып, төгіп тұрды ән,
Жүрегім қоңырау боп соғып тұрған.
Жұлдызды шағым менің салют шашты,
Құшағын қызғалдаққа көміп қырдан.
Ақ аспан, алқын тағы, шалқала кеп,
Сен маған не айта аласың, алқара көк?
Арманым адымымды бөгей берді,
Аңсарлы алыс жаққа арқала деп.
Қамыққан қамыс көрдім қаспақ көлден,
Алаулап арман жұттым асқақ белден.
Тығылған тығырыққа әуенімді
Бозторғай өз үнімен бастап берген.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі