Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп

Бұл бетте «Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп,
Болмас маған будан артық сый-құрмет.
– Айналайын амансың ба? – деп бірде,
Аға, менің маңдайымнан сүйдің кеп.
Арасынан шыққан күндей тұманның,
Сені көріп, көңіл еріп, жұбандым.
Ел ішінде жүріп жатқан елеусіз
Қарындасың болғаныма қуандым.
Сыйлағандай болдын сәби күлкімді,
Кеудемдегі жүрегім бір бұлқынды.
Өзгелерден дараланып, көзіме
Іріленіп бара жаттың бір түрлі...
Сүйдің мені ағалық бір шуақпен,
Шуағыңмен құдіретті ең, қуатты ең.
Сүйеп тұрып көкірегіңе басымды,
Бақытымнан алғым келді жылап мен...
Үнсіз күндер жұмбақ болып өтер көп,
Жана берсін арманымның оты өрлеп.
Қарамадым, құпиясын жанымның
Жанарымнан оқып алады екен деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері