Туған ауылға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Туған ауылға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Үрлей ескен жел ме мынау, самал ма,
Толқын өрген жасыл шалғын даламда.
Күніне мен жүз сүйемін ауылымды,
Көңілімнің құндағына алам да.
Сымбатына қараймын да сыр алам,
Жас балаша жылап, кейде қуанам.
Топырағыңды уыстасам еңкейіп,
Көз алдыма елестейді ұлы анам.
Тек өзіңде бүршік жарар гүлім де,
Тек өзіңде жарық болар түнім де.
Саусағыммен шертілмеген күй болып,
Жыр боп тұрдың көкірегімде, тілімде.
Жан емеспін ілби басып, көшке ерген,
Кеудеңдегі бір отыңмын өшпеген.
Туған өлкем, топырағыңнан нәр алар,
Жап-жас қана шыбығыңмын өскелең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері