Бұл бетте «Қияқтар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
10.11.2021
0
0
706
Сусылдап, сыбырлап, қияқтар,
Жаныма сыр ақтар, күй ақтар.
Әлемнің тылсымын ұғатын
Менде де жүрек бар, құлақ бар.
Желменен майысып, солқылда,
Өзіңмен құшағым толсын да.
Алыстан қарасам, өрілген
Ұқсайсың бір жойқын толқынға.
Көгімді қиялдың жолы ғып,
Қалдым ғой арманға жолығып.
Қойныңды аш, көк шалғын қияқтар,
Кетейін бір ғана шомылып.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі