Кешкі биде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кешкі биде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Вальс әні, кетті бірден тартылып,
Кеңейгендей күй сазымен тар клуб.
Шыр айналып дөңгелеп жүр құрбылар,
Жүздерінде нұр арайлы таң күліп.
Отырмын мен көңіліммен биге еніп,
Өзгеше бір тәтті қиял, күйге еніп.
Бір жігітпен кетер едім дөңгелеп,
Аяғымнан тұрмын шеттеп, именіп.
Сынағандай сен де маған шық дедің,
Ал мен сонда бар сырымды бүкпедім.
Дедім сонда бар ма сенен аярым,
Келмейді ғой, билер едім, аяғым!....
Үнсіз қалдың, әлсіз артқа шегіндің,
Келіп еді көз жасы боп төгілгім.
Бірақ, кенет бекіндім де, бойыма
Құдіретін құйдым болат темірдің.
Вальс әні кетті тағы ырғалып,
Көздер, көздер қадалады-ау ұрланып.
«Билер едім, әттең, менің аяғым»,
деймін-дағы бір өшемін, бір жанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешкі биде өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кешкі биде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешкі биде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешкі биде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері