Госпитальда – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Госпитальда» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 839
Жатырмын үнсіз, кең бөлме,
Ерекше бойға күш тарап.
Тағдырға адам көнген бе,
Өмірге бәрі құштар-ақ!
Мұңы бір осынау достармен,
Атуда үміт таңдарым.
Әнеки, біреу қос қолмен,
Тірейді жерге балдағын.
Сәуленің көзі терезем,
Сәулеге тосам бетімді.
Арманнан ағып көл, өзен,
Қанаты ойдың жетілді.
Аңсаймын кімді, білмеймін,
Қараймын сыртқа тағатсыз.
Кірпікті кейде ілмеймін,
Ұшайын қайда, қанатсыз...
Өмірдің жанға күйін ап,
Серпілтіп ойды, денені.
Балдақтың бәрін жиып ап,
Отқа өртегім келеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері