Күлкі сезім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күлкі сезім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 927
Күндер, күндер, күлкің бар ғой бір әсем,
Естіртпедің сол күлкіңді, сірә, сен.
Тіршіліктің тынысына ұқсаған,
Кеудем толған қуаныштың ұясы ем.
Қарашы, әне, күлкі ойнаған су бетін,
Көз алдыма жүз келтірем суретін.
Шын күлкіге сиынамын, бас иіп,
Күлкі төкпей өткен өмір, күн – жетім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері