Арман атты мен білетін бір ән бар
Бұл бетте «Арман атты мен білетін бір ән бар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арман атты мен білетін бір ән бар,
Айтар оны орман, таудан сұраңдар.
Айтар оны, қайталаумен тек қана,
Қанатының екпінімен қырандар!
Айтар оны, ойхой дала желі ескен,
Қуған талмай бір белесті белестен.
Қозғап кетіп құрбы жігіт кеудесін,
Армандатқан мен де бір ән емес пе ем...
Қол бұлғаған таңдай әппақ бір сұлу,
Көзде күлкі, кеудемде ауыр күрсіну.
Балға балап сімірер ем, дариға-ай,
Қолында оның тұнып, мейлі, тұрсын у.
Арман атты мен білетін бір ән бар,
Айтар оны орман, таудан сұраңдар.
Айтар оны қайталаумен тек қана,
Қанатының екпінімен қырандар!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі