Бұл бетте «Тіске тісті шегелеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
11.11.2021
0
0
834
Тіске тісті шегелеп,
Үндеме тіл, үндеме.
Ауыз ашып не керек,
Айтпаған соң бірдеңе.
Тіске тісті шегелеп,
Үндеме, тіл үндеме.
Шықса біреу керемет,
Қуан, бірақ күндеме.
Адам болсаң сен егер,
Құй, осыны зердеңе,
Болмадым деп неге мен,
Өзіңді іштей жерлеме.
Тіске тісті шегелеп,
Үндеме тіл, үндеме.
Ауыз ашып не керек,
Айтпаған соң бірдеңе...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі