“Даланың ұлы қоңырауына арнау”

Бұл бетте «“Даланың ұлы қоңырауына арнау”» атты aruzaboranbaeva жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қазақтың ұлан байтақ даласында,
Қостанай, Торғай атты қаласында.
Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы,
Қазақтың көптен күткен атты-ау таңы!

Кластан он төрт бала орын алды,
Білімге құштар еді жастар алды.
Ұрандап алға басты қазақ елі,
Аттырды білімменен талай таңды.

Класқа кіріп келді ұстазы да,
Қолында қалам, дәптер, кітабы да.
«Кел, балалар, оқылық»,- деген сөзбен,
Басталды алғаш сабақ балаларға.

Балалар ізетпенен қарсы алды,
Ұстазын әкесіне ұқсатқан-ды.
Класта он төрт бала отыр еді,
Нұр жайнап көздерінде, от бар еді.

«Бастайық бүгін сабақ», - деді жайлап,
Партада отыр бала сәл ыңғайлап.
Тақтаға жазылды кеп тұңғыш әріп,
Балалар байқап отыр соны абайлап.

Білмегенді білуге есті бала тырысқан,
Сол білімнің жолында бір-бірімен жарысқан.
Тастан сарай салғызып, адамды құстай ұшырып,
Үміт еткен жастары отырды міне құлшынып.

Қазаққа Балқожа би аға болды,
Болғанда Ыбырайға пана болды.
Айбыны аш арыстан секілді еді,
Көрсетті сол қазаққа тура жолды.

«Әуелі керек нәрсе білім деген»,
Білімсіз ілтипатқа ілінбеген.
Бұл сөздің ғибраты мол ұлағатты,
Надандық әр қазаққа – жанға батты!

Қамқор боп Ұлы Ұстаз ашыққанға,
Жол сілтеді, білімге асыққанға.
Талай ғасыр өтсе дағы ағын судай,
Жез қоңырау үні өшпес бар Алашқа.

Айбының Асқар таудың өлкесіндей,
Алаштың болдың ғазиз еркесіндей!
Өзіңдей Алып тұлға бар ма әлемде,
Қазаққа пана болған – әкесіндей!

Туған елің – кіндік кескен Қостанайың,
Қостанайдың жүрегін тыңдап едің.
Ағып түскен аспаннан жұлдыздардың,
Орнына жұлдыз болып туған едің!

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Ұлы Ұстаз бар әлемді таңқалдырған.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,
Ыбырайды көңіліңе біліп тоқы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

“Даланың ұлы қоңырауына арнау” өлеңінің авторы кім?

aruzaboranbaeva — осы өлеңнің авторы.

“Даланың ұлы қоңырауына арнау” өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

“Даланың ұлы қоңырауына арнау” өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

“Даланың ұлы қоңырауына арнау” өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер