Өлең, жыр, ақындар

Нағыз ақын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 862
Құдай – жалғыз!
Сонан соң Абай – жалғыз!
Абай жалғыз болған соң абайлармыз.
Алдымызда асу бар,
Алып шың бар –
Артымызға әлі де қарайлармыз.
Құдай – біреу!
Әзірге Абай – біреу.
Көңілдерді көркейтті талай жүдеу.
Көз жетпейтін өлеңнің көк аспанын
Қиын... қиын Абайсыз арайлы деу.
Құдай – жалқы!
Әуелден Абай – жалқы!
Асыл сөздің асқанда талай нарқы,
Қазақ болса – көргені азап болса,
Өмір сүрер Абайсыз қалай халқы?!
Талай асу алынар,
Талай қамал,
Таң да атар ағарып, арайланар.
Мұхитың да тартылар,
Тау да құлар,
Мәңгілік боп түбінде Абай қалар!
Біз де Абайды білгелі ғасыр өтті,
Жүз елуге
жылыстап жасы жетті.
Нағыз қазақ ұлы Абай,
Нағыз Ақын,
Нағыз ақын болған соң –
Қасіретті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нағыз ақын өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Нағыз ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Нағыз ақын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нағыз ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері