Қысқы сурет – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қысқы сурет» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3875
Кенеттен қар жауғанда жапалақтап,
Баладай қуандым қол шапалақтап.
Бір әйдік Аяз ата келе жатты,
Мұрты аппақ, кірпігі аппақ, сақалы аппақ.
Кеткендей көңіліне желік кіріп,
Ол мені қырға әкетті еліктіріп.
Қанарлы қыстың барлық қасиетін,
Тұргандай шәлкес мінез жел ұқтырып.
Ақ дүлей бұрқ-сарқ етіп белеңдегі,
Барады мұңым менің тереңге еніп.
Боранның буырқанған мінезіндей,
Осы сәт арбап алды өлең мені.
Бұрқасын бірте-бірте биікке асып,
Ойнайды алқымымнан сүйіп, қашып.
Жондарын желге тосып дөң басында,
Ақ балтыр қайыңдар тұр иықтасып.
Алыстан қарайды олар бойлап маған,
(Айнала тек ақ шақыт ойнақтаған...)
Апшыны аяз келіп қуырғанда,
Көгілдір көктем жайлы ойлап қалам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы сурет өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қысқы сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері