Қоңыр күз – Отынбай Аружан Абайқызы

Бұл бетте «Қоңыр күз» атты Отынбай Аружан Абайқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Арқалап келді қоңыр күз қарасуығын,
Қойғандай өшіріп тамыз жылуын.
Алтынға еніп түгел айнала
Шығарды аспан ерке қылығын.

Үзіп алғандай әппақ моншағын,
Ұзақ күткендей көгі бұл шағын,
Барады ұзарып түніп қараңғы
Сөндіріп алғандай аспан шырағын.

Жолымда анау сынық айналар,
Тіршілік мынау қызу қайнаған.
Ағаштан түскен сары жапырақ
Шашылып жатыр тағы айналам.

Өрістен қайтты төрт түлік малы,
Жиналды егіс,бидайы,тары.
Қамданып күзде бүкіл табиғат
Қыстың тосуда ызғар қаһарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр күз өлеңінің авторы кім?

Отынбай Аружан Абайқызы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері