Маңғыстау – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Маңғыстау» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 1
  • 4869
Бұрын өңсіз жон еді бұл аралар,
Бүгін бос жер таппайсың сына қағар.
Жер төсіне қадалған темір діңгек,
Айдала самсап тұр мұнаралар.
«Маңғыстаудың білерсің күшін әлі,
Ең алдымен ырыстың түсін дәмін», -
Деп әзілдеп жайнаң көз жақсы құрбым,
Қос шеңгелдеп мұнайды ұсынады.
Оңай олжа, алмайды ырыс күреп,
(Мұнай, алтын, оларға күміс керек).
Кәсіпкерлер жат жұрттың жүріпті ғой,
Бұл даланы талай жыл тіміскілеп.
Баба өтіпті деп қойып: «хақ, тағала»,
IIIоқ тұлыпты келіні caп табаға.
Жер анамыз әлде осы бар байлығын,
Ұрпақтарға келешек сақтаған ба!.


Пікірлер (1)

Алима

Мангыстау кушты екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңғыстау өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Маңғыстау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңғыстау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маңғыстау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері