Көктем білінді – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Көктем білінді» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 853
Көктем білінді, көктем білінді,
Көрдім шуақты көктен күнімді.
Қозы-лақ қуып, қоралы қой баққан,
Сағындым сол бір өткен күнімді.
Қырға тебіндеп көк көтерілді,
Көресің қыстай төккен теріңді.
Аталар шығып дөңнің басына,
Өткізер көзден өскен төліңді.
Адамдар сергіп, арқасы кеңіп,
Көмейден көкке ән тасып өріп,
Бой түзеп жігіт аруын іздейді,
Көңілі көншіп, қалқашын көріп.
Наурыз төрледі көңілге серпін,
Қуаныш сыйлар өмірге сенсің!
Адам біткеннің ашылып сарайы,
Сезілер сәт бұл, жеңілдеп еркін...
Наурыз – жыл басы қандай ғаламат,
Тірі жан біткен таңдай қағады-ақ.
Тағы бір көктем бөледі нұрға,
Тамсанып тұрмын таңды аймалап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем білінді өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктем білінді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем білінді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем білінді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері