Маңдайымыз терлемей – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Маңдайымыз терлемей» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2289
Дейміз әркез: байымайды ел неге,
Кілті мұның көктеме, әлде, жерде ме?
Күн көрістен қажып жүрген халқымыз,
Белшесінен батар қашан теңгеге.
Бұл айтқаным қарадүрсе көрінер,
Ырыздығын жейді қашан теріп ел.
Деген сөз бар, адам кері кетерде,
Шөптің басын сындыруға ерінер.
Есіл-дерті ауып кетті базарға,
Ағайынын алдар адам азарда.
Обал-сауап, ар-ұятты ұмытып,
Төрт аяқты малдан болар аз алда.
Әдетім жоқ жұртты сынар бірден кеп,
Кімді айтамыз не боларын білген деп.
Алыпсатар боп кетуі керек пе,
Заманына амал таппай жүрген көп.
Үміт артып беймәлімдеу нарықа,
Қараңғыдан шығамыз ба жарықа?
Жаутаңкөз боп жүру әсте жараспас,
Ары үшін жаньш берген халыққа.
Тегіс жол жоқ - басталады өрден ой,
Кез келе ме көрсететін төрден бой.
Жақсы күндер жеткізбейді біздерге,
Шын еңбекпен маңдайымыз терлемей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңдайымыз терлемей өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Маңдайымыз терлемей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңдайымыз терлемей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маңдайымыз терлемей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері