Япыр-ай, не боп барады мына заман
Бұл бетте «Япыр-ай, не боп барады мына заман» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Япыр-ай, не боп барады мына заман,
Біріне-бірі қақпан құрады адам.
Негізі сауда қоғамда
Адамдар қалай дос болмақ
Айбалта төніп тұрмаса,
Төбесінен қос қолдап.
Атасын келіп тонайды немересі
Нарықтан өзі қалт-құлт тұралаған.
Өз қамын ағайындар қарақтайды,
Қор санап көпті, көрнеу ар аттайды
«Басында күл төбенің күнде жиын»
Атынан аударыла далақтайды.
Ала өкпе жүгірген жұрт түсіп терге,
Білмейсің кей қылықты қалай дерге.
Жасаған адамдығың жаның ашып
Кетеді отырғызып тақыр жерге.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі